Астана әкімдігі жер учаскелері беріліп жатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада көпбалалы отбасыларға жер учаскелері беріліп жатқаны жайлы әлеуметтік желіде тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл туралы өзінің Фейсбук парақшасында қала әкімінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде көпбалалы отбасыларға арнап, аз қабатты үй құрылысын жүргізу үшін Астана әкімі Әсет Исекешевтің жер учаскелерін беріп жатқаны туралы вирусты ақпарат тарап жатыр. Аталған ұсыныс елордалық билікке азаматтарды қабылдау кезінде түскен болатын. Қазіргі уақытта ол - ұсыныс мемлекеттік органдар тарапынан талқылануда», - деп жазады Жүргенбаева.

Елорда әкімдігі халықты тек орталық мемлекеттік органдардың ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырды.

«Көпбалалы отбасыларға тұрғын үй кезегіне тұрудың екі жолы бар: жергілікті атқарушы органға құжат тапсыру (әкімдіктің жанындағы тұрғын үй қатынастары бөліміне немесе тұрғын үй басқармасына) немесе электронды үкімет порталы арқылы. Қала әкімдігі азаматтарды әлеуметтік желіде тараған мұндай ақпараттарға, сонымен бірге «фейкті» ақпараттардың таратылуының құқыққа қарсы жағдайларына жіті назар аударып, ол туралы қалалық әкімдікке немесе құқық қорғау органдарына хабар беруге шақырады», - делінген жазбада.

Фото: dealertalk.ca

Соңғы жаңалықтар