Астана әкімдігі желіде тарап жатқан фейк-ақпараттардан сақ болуға шақырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы әкідігінің баспасөз қызметінің жетекшісі - баспасөз хатшысы Элвира Жүргенбаева Фейсбуктегі өзінің парақшасында әлеуметтік желіде Жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл тағайындалғандығы туралы жалған хабарламалар таратыла бастағандығын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қоғамдық көлік мәселелеріне халық назары артып отырған соңғы уақытта, әлеуметтік желілерде және WhatsApp топтарында Жол жүру ережесін бұзғаны үшін айыппұлдың салынуына қатысты хабарламалдардың әртүрлі фейк-скриншоттары пайда бола бастады. Барлық елорда тұрғындары мен қонақтарынан сақ болуды, мұндай ақпараттардың рас-өтірігін тексеруді және жалған мәлімет таратпауды сұраймыз. Жол жүру ережесін сақтаңыздар! Сіздерге жолда сәттілік тілейміз!, - деп жазды Элвира Жүргенбаева.

Фотода - халық арасында тарап жатқан фейк-скриншоттардың бірі.

Соңғы жаңалықтар