Астана әкімдігі өзен жағалауына құрылғылар не үшін орнатылғандығын түсіндірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желі қолданушылары елордадағы Есіл өзені жағалауында орналастырылған конструкциялардың суреттерін жариялап, оларға қатысты сын-ескертпелерін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Levon Georgievich есімді азамат «Астана - Не? Қайда? Қашан?» атты топқа жағалауда пайда болған конструкциялардың суретін жариялады. Осыдан соң желі қолданушылары тарапынан «От шашуларды қалай тамашалймыз?», «Барлығын қоршап тастады», деген сыңайдағы сыни пікірлер бірінен соң бірі айтылып жатты.

Ал кешірек елорда әкімдігінің сайтында жағалауда орналасқан құрылғылар туралы толыққанды ақпарат жарық көрді.

«Астанада мұндай мазмұндағы көркемдеу жұмыстары осыған дейін болды, ал жаңа қақпа көлемі жағынан биіктеу болады әрі түрлі-түсті түске еніп, өзгеріп отырады. Орталық жағалаудағы түсі тез құбылып, өзгеріп отыратын және дыбысы бар иллюминацияның ұзындығы 100 метрден асады. Қақпа «Астана нұры» мейрамханасының тұсынан басталады»,-делінген хабарламада.

Публикация от Astana (@astana_akimat) Май 28 2017 в 2:41 PDT

Сонымен қатар мердігер компания өкілдерінің айтуы бойынша, қақпа жағалаудың барлығын қамтымайды. 95% кеңістік ашық тұрады. Қыс мезгілінде қақпаның түсі басқа реңкке енеді.
«Жаңадан орнатылатын конструкция қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлайтыны сөзсіз»,-делінген таратылған ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар