Астана әкімдігі: Мұз қалыңдамай тұрып балық аулау - қауіпті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әкімдігі қала тұрғындарын өзен арқылы өтелетін өткелдерде жаяу жүріп және  мұз үстінде балық аулаудан бас тартуға шақырады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Ауа температурасының төмендеуіне байланысты Астананың су қоймаларында мұз беті жұқа, соған қарамастан тұрғындар мұз үстінде тұрып балық аулай бастады.

Осыған орай құтқарушылар су беті толық қатпайынша  балық аулаудан бас тартып, қауіпсіздік шараларын сақтауға  шақырады.

Қазіргі күні мұздың қалыңдығы бірнеше сантиметрді ғана құрайды.

Мұздың мұндай қабаты адамның салмағын көтере алмай, соңы қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.

Қалалық ТЖД қайғылы жағдайдың алдын алу үшін балықшыларды мұз үстінде тұрып балық аулаудан бас тартуға және қала тұрғындары  мен  қонақтарын өзенді мұз үстімен жүріп   өтпеуге шақырады.

Соңғы жаңалықтар