Астана әкімдігі мерекелік отшашудың кеш ұйымдастырылу себебін түсіндірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік күнінің құрметіне Астанада ұйымдастырылған отшашу техникалық себептерге байланысты жоспарланған уақыттан бір сағатқа кешіктіріліп атылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдығының құрметіне Есіл өзенінің жағалауында, «Хан Шатыр» СОО-ның маңында және Абылай хан даңғылы мен Пушкин көшелерінің қиылысында, 16 желтоқсанда түнгі сағат 22:00-де отшашу ұйымдастырылуы болатын.

Алайда мерекелік отшашуды қала тұрғындары мен қонтары сағат 23:00-де тамашалады.

«Отшашудың кеш ұйымдастырылуына техникалық келеңсіздіктер себеп болды. Елорда тұрғындары мен қонақтарынан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - делінген Астана қаласы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар