Астана әкімдігі «Магистральный» ТК құрылысшыларының заңсыз әрекетін әшкереледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада алақол құрылысшылардың салдарынан инвесторлар жапа шекті. Атап айтқанда құрылыс компаниялар біле тұра көлік тұрағын заңсыз салып, сатып жіберген, алданған инвесторлар елордалық әкімдікке көмекке жүгінді. 

Бұл туралы қала әкімдігініңресми сайты хабарлайды.

Астана қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасымен  Астана қ. Б. Момышұлы көшесі бойынша орналасқан «Магистральный» ТК-де жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Аталмыш тұрғын кешенді «АТЛАНТ ИНЖИРИНГ» ЖШС және «Компания «Сарыарқа-Құрылыс» ЖШС салған.

Тексеру барысында бірінші қабаттағы жерасты паркингінің орнында кеңістікті бөлетін арнайы құрылғылар анықталды, бұл өз алдына сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің саласында бұзушылық болып табылады. Мамандардың пікірінше, бұл - жобаның бекітілген эскиз сұлбасының және мемлекеттік сараптамадан өткізілген жұмыс жобасының бұзылуы.

Анықталған фактілердің негізінде құрылыс инспекторларына нысанды жобаға сәйкес қайта қалпына келтіру бойынша ұйғарым берілді.

Алайда мемлекеттік органның талабына құрылыс салушылар зер салған жоқ. Қазіргі уақытта ҚР Кодексінің «әкімшілік құқықбұзушылық туралы» 462 бабы 3 бөлімі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту жөнінде 2016 жылдың 21 қазанындағы Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының ұйғарымы күшіне енді.

Бұл факті бойынша құрылыс салушы құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу лицензиясынан айырылды.

Ұйғарымды орындау мақсатында астаналық Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасымен Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына заңсыз салынған құрылығыларды алып тастау талабымен қуыным жолданды, ол толығымен қанағаттандырылды.

Айта кетейік, құрылыс салушыға көлік тұрағына қатысты құжаттың жобасына өзгеріс енгізу туралы өтініші қанағаттандырылған жоқ. Дегенмен компания қойылған тыйымдарға қарамастан бұзушылықтарға жол берді.

Естеріңізге сала кетейік, үлескерлікпен құрылыс жүргізу мәселесі Астана қаласының әкімдігінің қатаң бақылауында.

Соңғы жаңалықтар