Астана әкімдігі @astana.kz доменіне көшеді

None
None
АСТАНА. ҚазаҚПАРАТ - Мамырдың ортасында Астана әкімдігі .kz доменіндегі поштаға көшеді. Бұл туралы елорда әкімі Әсет Исекешов Фейсбуктегі пайдаланушылардың бірі Сәкен Шынтасовтың «Барлық Астана әкімдігі .kz доменді поштаға көшулеріңізді сұраймын» деген ұсынысына жауап берген кезде хабарлады.

«Таяуда әзербайжандық бизнесмендер инвестиция басқармасы және экономика басқармасының электрондық мекежайын сұрады. Олар «басқармаларыңыз Ресейде ме», деп әзілдегенде ыңғайсыз болып қалды.  Бұл Қазақстан бойынша барлық әкімдіктер мен «Нұр Отан» партиясына қатысты», - деп жазды  пайдаланушы.  

Өз  кезегінде «Астана Инновейшнс» АҚ өкілі Олжас Сатраев «қала әкімінің тапсырмасы бойынша бүгін Астана қаласының әкімдігінде және барлық салалық басқармаларда  корпоративтік электрондық почтаны енгізу бойынша жұмыстарды жүргізіп жатырмыз.  Домен @astana.kz. болады. Бірыңғай корпоративтік поштаға көшуді 2017  жылғы мамырда аяқтау жоспарлануда».

Соңғы жаңалықтар