Астана 2 млн туристі қабылдауға дайын

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана 2 млн туристі қабылдауға дайын. Бұл жайында«Астана ЭКСПО-2017»  ІІІ халықаралық туристік конференциясы барысына "Астана Конвеншн Бюро" ЖШС-нің директоры Санияр Әйтікенов  мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Көрмеге дайындық аясында қалада барлық инженерлік, көліктік, коммуникациялық және әлеуметтік инфрақұрылымдарды жаңғыртудың ауқымды шаралары жүргізіліп жатыр. Тек үш айдың ішінде ғана қала аумағында 2 миллионнан  астам адам келеді деп күтілуде. Олардың 15 пайызы өзге мемлекеттердің азаматтары болмақ. Толықтай алғанда, қала шетелден және Қазақстанның өңірлерінен келген 2 миллионнан астам туристі қабылдауға дайын», - деп атап өтті ол.

Оның атап өтуінше, елордада қонақтарды орналастыруға қажетті қонақ үйлердегі, хостелдердегі және жалдамалы пәтерлердегі орын жеткілікті. ЭКСПО кезінде бір күнде 35 мың адамды орналастыруға қажетті орын дайын.

«Бүгінгі күні қалада қонатын жерлердің шамамен 20 пайызы брондалған.  Шетелдік қонақтардың келуіне жайлы жағдай жасау үшін  қонақ үйлерде тікелей онлайн тіркеу қызметін енгіздік. Бұл қызметті пайдалануға 152 қонақ үй дайын. Біз қоғамдық тамақтану орындарын ұйымдастыру мәселелерін де барынша тыңғылықты қарастырдық. Қазіргі уақытта 106 мың адамды 846 орын тамақтандыра алады», - деді Әйтікенов.

Соңғы жаңалықтар