«Астана-1» ақпараттық жүйесі сәуірде іске қосылады - Бақыт Сұлтанов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана-1» ақпараттық жүйесі ағымдағы жылдың сәуірінде толыққанды іске қосылады. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің отырысында еліміздің Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қаржы министрлігіне де бірқатар тапсырма берген болатын. Біріншісі, «Астана-1» ақпараттық жүйесін іске қосуға қатысты.

Біз оны осы жылдың басынан іске қосуға тиіс болғанбыз. Бірақ, техникалық проблемаларға байланысты бір тоқсанға кейінге шегеріліп отыр. Бұл жүйе ЮНКТАД-қа тиесілі және олар қажетті консультанттар беру тиіс еді. Мен өзім ЮНКТАД басшылығымен бірнеше рет кездестім. Соңғы рет екі апта бұрын бас хатшысы Китуимен кездесіп, нәтижесінде біз 28 ақпанда «Астана-1» жүйесін тестік режімінде іске қосамыз деп уағдаластық. Сәуірде толыққанды іске қосу жоспарланып отыр», - деді министр.

Сонымен қатар оның айтуынша, «Бір терезе» принципін енгізу үшін кедендік рәсімдерден өту және электрондық өзара іс-қимылды жалғастыру кезінде ASYСER платформасында 9 рұқсат беру құжатын автоматтандыру жүргізіледі. Бұл ЮНКТАД жүйесі платформасында да іске асырылады.

«Ұлт жоспарына» сәйкес оны жылдың соңында іске қосуға тиіс болатынбыз. Бірақ, біз жоғарыда аталған 9 модульді 2018 жылдың 1 қазанына дейін пайдалануға енгізуді жоспарлап отырмыз.  Ол үшін мамыр айында тест режімінде іске қосамыз. Кедендік тазарту үшін қажетті қалған 42 рұқсат беру құжаты бойынша «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесін «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқорымен интеграциялау жүзеге асырылатын болады», - деді Бақыт Сұлтанов.

Соңғы жаңалықтар