Әскерилерді баспанамен қамтамасыз ету: Қауырт желі ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс министрлігінде әскери қызметшілерді баспанамен қамтамасыз етудің жаңа тетігі мәселелері бойынша кеңес өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Талғат Мұхтаровтың жетекшілік етуімен бас басқармалардың, түрлердің, әскер тектерінің, әскери бөлімдердің заң қызметтерімен, өңірлік пайдалану бөлімдерінің өкілдерімен, Ақмола гарнизонының заңгерлерімен тұрғын үй қарым-қатынастары мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша селекторлық кеңес өткізілді», - деп атап өтілген ведомствоның таратқан мәліметінде.
null 

Осыған орай, отырыста тұрғын үй қарым-қатынастары мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды іске асыру тәртібінің мәселелері қаралды.

Атап айтқанда, қосымша әскери қызметшілерді баспанамен қамтамасыз етудің жаңа тетігі мәселелері бойынша түсіндірме жұмысын сапалы жүргізу үшін барлық 18 өңірлік пайдалану бөлімінде қауырт желі ашылды. Олардың нөмірлерін әскери қызметшілер ақпараттық стендтер мен ҚР Қорғаныс министрлігінің www.mod.gov.kz. ресми сайтынан біле алады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, әскери қызметшілерді баспанамен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру мақсатында Мемлекет басшысы әскери қызметтің беделін, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік-құқықтық мәртебесін арттыруға бағытталған  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Естеріңізге сала кетейік , қараша айының соңында Сенатта  ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров 2018 жылдан бастап әскери қызметшілер өтемақы есебінен ипотека ала алатынын айтқан еді. 
null 

«Заң жобасының мақсаты мен маңызы тұрғын үйге мұқтаж барлық әскери қызметшілердің санаттарын жеке баспанамен қамтамасыз ету болып табылады. Қарастырылып отырған тетіктерге тоқталсақ, әскери қызметшілерге екінші деңгейлі банктердегі жеке арнаулы есеп-шотына ай сайын тұрғын үй төлемдері аударылатын болады. Тұрғын үй төлемдерінің мөлшері еліміздің тиісті өңіріндегі баспананың 1 шаршы метр құнын әскери қызметшінің отбасы мүшелерінің әрқайсысына тиесілі пайдалы аудан нормаларына, яғни бір адамға шаққанда 18 шаршы метрге көбейту арқылы есептеледі»,- деді Т. Мұхтаров .

Әскери қызметшілер осы тұрғын үй төлемін (баспананы жалға алғаны үшін өтемақы - ред.) келесі мақсаттарға жұмсай алады: ипотекалық несиені пайдалана отырып, баспананы сатып алуға; тұрғын үй арендасын төлеуге, соның ішінде баспананы кейіннен сатып алу құқығымен жалға алуға; үлестік баспана құрылысына тұрғын үй құрылыс кооперативіне қатысқан кезде жарналарды төлеуге; тұрғын үй құрылысы жинақтарын жинауға және баспана жағдайларын жақсартуға. 

Соңғы жаңалықтар