Әскери судьялар мерейтой құрметіне орай марапатталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Елордадағы Әскери-тарихи музейде еліміздің Әскери сотының дамуынан сыр шертетін арнайы бұрыш ашылды. Әскери соттың 25 жылдық мерейтойына арналған шара барысында қызметінде зор табысқа жеткен бірқатар судья «Қазақстан Республикасы әскери сотына 25 жыл» медалімен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Біздің шарамыз ҚР Әскери сотының құрылуының 25 жылдығына арналған. 1992 жылы әскери трибунал базасында әскери сот құрылған болатын. 25 жылдың ішінде Қазақстанның жалпы сот жүйесінде ауқымды жұмыстар атқарылды. 5 институттық реформада заң үстемдігі айрықша орын алған. Біздің әскери судьяларымыз әскери қызметшілер мен әскери ведомстволардың заңды мүдделерін, бостандықтарын құқықтарын қорғауда зор үлес қосуда», - деді БАҚ өкіліне сұхбат берген  ҚР Әскери сотының төрағасы Сәкен Абдулла.

Сонымен қатар ол әскери соттың судьясы әскери емес адамның болғандығы дұрыс деп санайтындығын атап өтті.

«Қалай десек те судья тәуелсіз болғаны жөн. Ол әскери қызметші болмағаны дұрыс. Егер ол әскери қызметші әрі ҚР Қарулы күштерінің құрамында болатын болса, онда ол жарғыға бағынуы міндетті. Ал егер ол жарғыға бағынатын болса, онда шені жоғары адамға да бағынуы тиіс», - деді Сәкен Абдулла.

Естеріңізге сала кетсек, 1992 жылдың 20 қаңтарында ҚР Жоғарғы кеңесі Төралқасының қаулысымен ҚазКСР аумағында жұмыс істеген әскери трибунал Қазақстан Республикасының қарауына берілген болатын.

 

Соңғы жаңалықтар