Әскери сот қызметтесіне қол жұмсаған курсантты гауптвахтаға жапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы гарнизонының әскери сотында 1-інші курс курсантына қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сотта анықталғандай, 2017 жылдың 29 қыркүйегі күні ҚР Қорғаныс министрлігінің Құрлықтағы әскері Әскери институтының бірінші курс курсанты А., сағат шамамен 21.50-де казармада ұялы телефонмен туыстарымен сөйлесіп жатқан. Оған курсант О. таянып, өз туыстарына қоңырау шалу үшін телефонды сұраған. Сотталушы байланыс құралын сөйлесіп болған соң беретінін айтқан. Алайда, курсант О. телефонды дереу беруді талап етіп, оған сөйлесуге кедергі жасаған. Айыпталушы жақындарымен әңгімесін аяқтаған соң оң қолымен О.-ның көзінен бір ұрған», - делінген ҚР әскери сотының ресми сайтында .

Сот отырысы барысында айыпталушы кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінетінін айтқан.

Ол Алматы гарнизоны әскери сотының үкімімен ҚР Қылмыстық кодексінің 440-бабы 1-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, оған 30 тәулік мерзімге гауптвахтаға қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

Соңғы жаңалықтар