Әскери комиссариат анықтамалары электронды форматқа көшірілмек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жергілікті әскери басқару органдары анықтамаларды электронды форматта беретін болады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас штаб басшысының орынбасары, генерал-майор Мұхамеджан Таласов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ақпарат және коммуникация министрлігімен бірге «Цифрлы Әскер» бағдарламасы аясында цифрлы технологиялар негізінде жергілікті әскери басқару органдарында азаматтарға автоматтандырылған қызмет көрсету бойынша жұмыстар жасалуда», - деді Таласов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа ауыстыру жайы пысықталып жатыр. Атап айтқанда, әскери борышын өтегендігі туралы анықтама, жеңілдіктер алатын тұлғаларға - Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, Чернобыль АЭС-дегі апаттың салдарларын жоюға қатысқан азаматтарға, Ауған ардагерлеріне анықтама беру жұмыстары толығымен автоматтандырылатын болады.

М. Таласовтың хабарлауынша, болашақта барлық қорғаныс ісі жөніндегі департаменттер, басқармалар мен бөлімшелер қоғамдық қабылдау сияқты жұмыс жасайды. Онда әрбір азаматтың қажетті ақпаратты жедел алуға мүмкіндігі туады.

Соңғы жаңалықтар