Әскери бұйрықтар қазақ тілінде бірізділікке түсетін уақыт жетті - генерал-майор Мұхаметқали Сатов

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда ҚР Ұлттық ұланы сапында қызмет атқарып жүрген мемлекеттік тіл мамандары мен аудармашыларының республикалық үш күндік оқу-әдістемелік жиыны өтуде. Оған республика өңірлерінде орналасқан Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінен келген 50-ге жуық маман қатысуда.

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің басшысы, подполковник Ерболат Сұлтановтың хабарлағанындай, бұл шара Ұлттық ұлан әскерлерінде «Мемлекеттік тіл - тәуелсіздік тұғыры, ынтымақтастық пен біріктірудің негізгі факторы» атты акция аясында ұйымдастырылып отыр. Мұндағы басты мақсат Ұлттық ұлан әскерлерінде "Тілдер туралы" ҚР Заңы талаптарының орындалуына назар аудару мен мемлекеттік тіл мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру болып табылады.

null null null  

Алқалы жиын Оралдағы Достық үйінде өткен Қр тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тәуелсіздік тірегі - мемлекеттік тіл» атты дөңгелек үстел отырысымен басталды. Онда ҚР Ұлттық ұланы бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, генерал-майор Мұхаметқали Сатов осынау басқосудың мән-маңызына тоқталды. «Елбасымыз өз Жолдауында қазақ халқының сан ғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтау, оны жаңа белестерге көтеру біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз ететін басты негіздер екендігін атап көрсеткен болатын. Осы орайда Ұлттық ұланның бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Руслан Жақсылықовтың мұрындық болуымен әскерде қызмет ететін өзге ұлт өкілдері арасында «Мемлекеттік тіл - менің тілім» атты байқау игі дәстүрге айналды. Биыл бұл байқаудың қорытынды кезеңін мемлекеттік тіл мамандарының оқу-әдістемелік жиынымен ұштастырып отырмыз. Қазіргі таңда қазақстандық патриотизмді орнықтыруда тілдің алатын орны айрықша. Әскери адамның бұйрығы мен пәрмені қазақ тілінде беріліп, бірізділікке түсетін уақыт жетті. Біз осы бағытта сіздермен бас қоса отырып, тың ұсыныстар күтеміз. Елбасы: «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде», деп бекер айтқан жоқ», деді М.Сатов.

null  

Дөңгелек үстел отырысында сондай-ақ «Батыс» өңірлік қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, полковник Берік Омаров, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті гуманитарлық зерттеулер институтының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Абат Қыдыршаев, осы оқу орнының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Жаңабек Жақсығалиев, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты Қазақбай Қасымов, БҚО тілдерді дамыту басқармасының басшысы Махамбет Ихсанғали мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру жолындағы өз ой-пікірлерін ортаға салды. «Елбасы айтқанындай, ең бастысы, қазақ пен қазақ қазақша сөйлесуі керек. Қазақ тілі - барша елді жұмылдыратын, біріктіретін күш болуы керек, елге, Отанға деген құрмет мемлекеттік тілден басталады», деді Қ.Қасымов.

null null null null null null null  null null null 

Соңғы жаңалықтар