Әскери азаматтар жеке баспананы қалай сатып алады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі әскери азаматтар үшін арнайы несиені дайындап қойды. Баспананы жалға алуға берілетін өтемақы жүйесі тоқтатылып, ол ақша банк есеп-шоттарында жинақталатын болса, "әскери" заемды алуға болады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Банк басшысы Ляззат Ибрагимованың айтуынша, әскери азаматтар несиені бірнеше мақсатқа - көппәтерлі тұрғын үйден баспана алуға, жеке үйді сатып алуға, жер учаскесіне, үйді жөндеуге, сондай-ақ басқа банктің ипотекасына алғашқы жарна ретінде салу үшін ала алады. "Ондай несиелер 5 пайызбен беріледі. Сосын "әскери" деген несие болады. Оның шартына сәйкес, алғашқы жарнаның 30 пайызын жинап, баспанаға несие алуға болады", - дейді Ибрагимова.

Айта кетейік, бүгін Парламент Мәжілісінде әскери азаматтарды тұрғын үймен қамтудың жаңа жүйесіне арналған заң жобасы таныстырылды. Оған сәйкес, ішкі істер органдары, ұлттық қауіпсіздік қызметі, әскери прокуратура мен қарулы күштері қызмектерлеріне баспананы жалға алуға бөлінетін қаржы арнайы есеп-шоттарда жиналады. 

Соңғы жаңалықтар