Әскерде мерт болған жауынгердің отбасына қанша өтемақы беріледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс министрлігі әскери қызметі кезінді көз жұмған жауынгердің отбасына төленетін өтемақының сомасын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына сәйкес, жауынгер әскери қызмет кезінде мерт болған жағдайда, оның мұрагерлеріне біржолғы өтемақы төленеді. Бұл тұрғыда әскери қызметшінің қаза болған күнінде соңғы атқарған лауазымы бойынша бес жылдық ақшалай еңбекақысы көлемінде өтемақы ескерілген», - деп жауап берді ведомство «ҚазАқпараттың» сауалына.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың 23 қаңтарында Қызылорда облысында келісімшартпен қызмет етіп жүрген қатардағы жауынгер  көз жұмды. 

 

Соңғы жаңалықтар