Әскер қатарында қауіп тудыратын сарбаздар жоқ - Қорғаныс министрі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарулы күштер қатарында қауіп тудыратын сарбаздар жоқ. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов мәлім етті, деп  хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі уақытта Қарулы күштеріміздің қатарында өзінің әскери борышын өтеп жатқан еліміздің азаматтары әскерге шақыртылған кезде бірінші кезекте психолог мамандардың алдынан өтеді. Осы орайда оның сұрақтары діни ұстанымға да байланысты. Әскер қатарына келгеннен кейін, әрбір құрамада да психологтар жұмыс істейді. Екіншіден,  идеологиялық бағытта жұмыс істейтін офицерлер де қызмет етеді. Бұл тұрғыда психолог пен иделогиялық жұмыстардың офицері батальондағы сарбаздармен жұмыс істейді. Әрбір жауынгердің діни және басқа да көзқарастары бойынша талдау жасап, командирге баяндайды. Бұл тұрғыда командир тиісті шешім қабылдайтын болады»,-деп түсіндірді министр.

Осы орайда ол бүгінде ведомство  ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ішкі істер министрлігімен бірлесе тиісті жұмыстар атқарып жатқанын айта келе: «Барлығын тексеріп шығамыз. Қауіп тудыруы мүмкін деген жастармен тиісті жұмыстар жүргізіледі. Атап айтқанда, қазіргі кезде Қарулы күштерде қауіп пен қатер тудыратын сарбаздар жоқ»,-деді.

Соңғы жаңалықтар