Асқар Жұмағалиев «Нұр жолы» кеден бекетінің құрылысын көріп шықты

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысына жұмыс сапарымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сапар барысында Үкімет басшысының орынбасары алдымен Алтынкөл станциясы жұмысымен танысты. 250 гектар аумақта 113 нысан орналасқан. Бұл жерде темір жолмен кіріп шығатын жүктер рәсімделіп, кедендік бақылау жүргізіледі. Бір жүк поезына қызмет көрсету уақыты 3 сағат 55 минут.
null 

Асқар Қуанышұлы ҚТЖ мен еліміздің кеден қызметінің өзара ықпалдастығын жетілдіріп, орын алатын кедергілерді бірлесіп жоюды тапсырды. Сондай-ақ, жүк тасымалдау кезіндегі декларация толтыруды цифрландыру мен автоматтандырудың жаңа жүйесін əрі осы қызметті пайдаланушылар үшін барынша жеңілдетілген бағдарламасына көшіруді қарастыру қажеттілігін жеткізді.

Бұдан кейін вице-премьер Қазақстан-Қытай шекарасында жаңадан салынып жатқан «Нұр жолы» кеден бекетінің құрылыс жұмыстарын көріп шықты. Дəл осы жерде «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автомагистралі Қытай елімен түйіседі. Бұл заманауи нысан 2020 жылы аяқталуы тиіс.
null 

Асқар Жұмағалиев сонымен қатар «Қорғас шығыс қақпасы» еркін экономикалық аймағы, Қорғас халықаралық шекарамаңы ынтымақтастық орталығында, Нұркент қаласында болып қайтты.
null 

Соңғы жаңалықтар