Асқар Жұмағалиев Астана ІТ-хабы туралы айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында өзімізде құрылатын инновациялық экожүйе туралы айтты, деп хабарлайды «ҚазАқапарат».

«Дамып жатқан адамзат әлеуетін есепке ала отырып өзіміздің инновациялық экожүйемізді құруға күш салып жатырмыз. Осы бағытта үлкен жұмыстар жасалып жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Астана ІТ-хаб жасалуда. Оған жас ІТ-мамандарды тарту үшін қажетті  жағдайларды жасау үстіндеміз. Бұл -  тегін кеңсе және тұратын жер, дамыған техникалық инфрақұрылым. ІТ-хаб кешені аясында бағдаламалау мектебін ашамыз. Ол жерде біздің болашақтағы инновациялық стартаптарды жүзеге асыратын балалар дайындалатын болады», - дейді Асқар Жұмағалиев.

Оның айтуынша, ағымдағы жылдың ақпан айында қызықты идеялары мен ІТ-жобалары бар жастарға арналған жаңа бағдарламалар іске қосылған.

Соңғы жаңалықтар