Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 310.57
EUR 348.58
RUB 5.52
CNY 45.23

Асқар Мырзахметов ормандағы өрт қаупі артатын кезеңге дайындық жөнінде кеңес өткізді

Асқар Мырзахметов ормандағы өрт қаупі артатын кезеңге дайындық жөнінде кеңес өткізді
2017 жылғы 19 мамыр 15:17 470

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовтің төрағалығымен мемлекеттік орман иеленушілердің 2017 жылғы өрт қауіпті кезеңіне дайындық мәселесі бойынша бейнебайланыс арқылы кеңес өтті, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

Аталған іс-шараға орман шаруашылығына жетекшілік ететін облыс әкімдерінің орынбасарлары, табиғи ресурстар мен орман пайдалануды реттеу басқармаларының, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекцияларының, облыстық төтенше жағдайлар департаменттерінің және табиғат қорғау мекемесінің жетекшілері қатысты.

Кеңес барысында А. Мырзахметов облыс әкімдіктерінің қарауындағы орман мекемелерінің материалдық-техникалық жағынан қажетті деңгейде жабдықталуына назар аударды.

Ормандағы өрт жағдайы туралы ақпаратты оперативті қабылдау мен тарату бойынша және «Қазавиаорманқорғау» РМКК-ның орман өртін сөндіру жұмыстарын үйлестіру үшін Республикалық диспетчерлік қызмет ұйымдастырылып, сонымен бірге ҚР ІІМ ТЖК Республикалық дағдарыс орталығына орман өрттері туралы ақпарат беру қамтамасыз етілді.

Қазіргі уақытта «Қазавиаорманқорғау» РМКК жоғарғы санаттағы өрт қауіпі туындаған орман массивтерінде үш реттік әуе бақылау жұмыстарын жүргізуде. Әуе бөлімшелерінің жеке құрамы жоғары жауынгерлік әзірлікке келтірілген.

Әуе бақылау Алматы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарының мемлекеттік орман қорының 8 млн 869 мың га аумағын немесе республиканың мемлекеттік орман қорының 30% аумағын қамтуда.

 

 

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер