Асқар Мамин металдың бағасына ықпал ететін негізгі факторларды атады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан VIII Халықаралық тау-кен металлургия конгресі барысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин металдың алдағы уақыттағы бағасына ықпал ететін негізгі факторларды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біріншісі, бұл дамушы елдер тарапынан туындайтын сұраныс. Минералды ресурстарға сұраныс болжамының барынша маңызды бөлігі Үндістан мен Қытай тарапынан алдағы уақытта сұраныстың арта түсуі болмақ. Металға деген сұраныстың 50 пайыздан астамы 2030 жылға қарай осы екі елге тиесілі болмақ», - деді ол.

3

Маминнің айтуынша, екінші фактор бұл ресрустар кенін алудағы проблемалар. Яғни кен орындарының басым бөлігі инфрақұрылымы өте нашар дамыған елдерден табылуда. Мәселен, жаңадан барланған мыс кен орындарының 50 процентке жуығы әлемдегі ең тұрақсыз өңірлерде орналасқан.

«Үшіншісі- экологиялық факторлардың ықпалы. Су тапшы өңірлердегі минералды шикізатты өндіруге бағытталған кейбір операциялардың құны су мен көміртектің қостотығын кәдеге жарату шығындарын есепке алғанда 16 процентке қымбаттауы мүмкін», - деп атап өтті Үкімет басшының бірінші орынбасары.

Асқар Мамин төртінші фактор ретінде технологиялық процесстерді атады. Оның пайымынша, басты технологиялық тренд «Индустрия 4.0» элементін пайдалану арзан технологиялық шешімдердің көмегімен өндіріс құнын төмендетуге септігін тигізеді.

4

«Біз 4.0 технологиясын қолдану арқылы өзіндік құнды екі есеге дейін төмендетуге болатын мысалдарды білеміз. Осыған байланысты өнімнің бәсекеге қабілеттілігі күрт артып, өнім шығару көлемі еселене түседі», - деді ол.

Сонымен қатар Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Қазақстан әлемде темір кені қоры бойынша - 7, ал болат өндірісінің көлемі бойынша 33-орында екендігін атап өтті.

«Өнеркәсіптік өндірістің жалпы құрылымындағы тау-кен металлургиясының үлесі 18 пайыздан асып жығылады. Осы жылдың 4 айының қорытындысында Қазақстан экономикасының өсімі 3,7 пайызды құрады», - деді Асқар Мамин.

2

Соңғы жаңалықтар