Асқар Мамин Бейжіңде бірқатар инвестициялық жобалар бойынша келіссөздер жүргізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин жұмыс сапарымен Қытай Халық Республикасына барды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Іссапар аясында А.Мамин бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мақсатында ірі қаржы, өндіріс, көлік-логистика корпорацияларының басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді.

«Қос елдің басшыларының арқасында Қазақстан мен Қытай арасында жоғары деңгейдегі ынтымақтастық орнады. «Нұрлы жол» және «Ұлы Жібек жолы экономикалық белдеуі» бағдарламалары екі ел арасындағы инвестициялық қарым-қатынастарға жол ашады»,-деді А.Мамин.

Келіссөздер аясында Export and Import bank of China, China Construction Bank, Industrial and Commercial Bank of China Limited сияқты ірі Қытай банктерінің жетекшілерімен инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, Қазақстан аумағы арқылы транзиттік контейнерлік тасымалдау көлемін ұлғайту, «Қорғас - Шығыс қақпасы» индустриялық хабының даму болашағы, кеденге автоматтандыру технологиясын енгізу Халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы қызметтерін жетілдіру сияқты сұрақтар да қаралды.

Асқар Мамин Ляньюньган қаласының мэрімен кездесіп, аталмыш қаланың порты мен Қорғас бекеті арасындағы бірлескен терминалды дамыту мәселесін талқылады.
null 

Сонымен қатар, іскерлік кездесулер аясында, «Gener Tec» компаниясымен бірлесіп Қазақстандағы автомобиль құрастыру жұмыстарын дамыту, «China National Building Material Group» компаниясымен бірлесіп, шыны зауыты жобасын жүзеге асыру, сонымен қатар мұнай-химия , энергетика, тау-кен компанияларымен келіссөздер жүргізілді. 

Соңғы жаңалықтар