Ашынған қала мэрі ПСЖ командасының «Барселонадан» жеңілгені үшін егеуқұйрық жеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Француздық Мон-де-Марсан қаласының мэрі Шарль Дею көпшіліктің көзінше егеуқұйрықты жеп қойды. Бұл туралы SudOuest.fr. хабарлады. 

 Видео басылымның Facebook-тағы  парақшасында жарияланды.

Қала басшысы 2017 жылғы көктемде берген уәдесін орындады. Чемпиондар лигасының 1/8 финалының бірінші матчында  «Пари Сен-Жермен» (ПСЖ) «Барселонаны» 4.0 есебімен жеңгенде, ол егер  испан клубы ширек финалға шықса, егеуқұйрық жейтінін мәлімдеген. Жауапты кездесуде «Барселона» 6.1 есебімен жеңіске жетіп, француздарды екі кездесу жиынтығы бойынша басып озды (6.5).

Соңғы жаңалықтар