Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -24 °С
Алматы: -6 °С
USD 335.38 EUR 394.07
RUB 5.67 CNY 50.67
Жаңалықтар

Ашуға булыққан жігіт мүгедек арбадан тұрып кетті

2017 жылғы 13 қазан 04:31 4202
Поделиться:
Ашуға булыққан жігіт мүгедек арбадан тұрып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияның Вильнев-Толозан қаласының тұрғыны досына қатты ашуланғандықтан мүгедек арбасынан өздігімен тұрып кеткен, деп жазады 20 Minutes.

Арбаға таңылған жігіт досының үйінде интернетке қосуға байланысты кикілжіңге келіп қалған. Ашуға қатты берілген арбада отырған жігіт орнынан тұрып, қасында жатқан балтаны алып, досын қуа жөнелген. Досы мүгедек жігіттен автобусқа отырып жан сауғалаған.

Кешке қарай мүгедек досынан қашқан жігіт өз үйіне оралған. Түннің ортасында мүгедек жігіт қайтып келіп, оның қайтадан мазасын алған. Алайда оқиға орнына полиция жетіп, жағдай реттелді.

Айта кетейік, жігіттің мүгедек арбасынан қалай тұрып кеткендігін ешкім түсіндіріп бере алмаған. Тек оның есірткі затын пайдаланғандығы анықталды. 

 

 


Басты сөздер: Әлем,
Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат