Ашу буған әкесі он жасар қызын шөл далаға тастап кеткен

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 28 жастағы америкалық Кристофер Вотсон өзінің 10 жасар қызын  арарындағы ұрыс-керістен соң сусыз, тамақсыз шөл далаға тастап кеткен.

БАҚ-тардың деректері бойынша, жанжал қыздың әкесінің қаламын алып, бірақ орнына қайта қоймағандығынан шыққан. Бұл ер адамды ызаландырғаны соншама, ол қызын машинағы отырғызып шөл далаға алып келген де жалғыз өзін тамақсыз әрі сусыз тастап кеткен.

Салдарынан оқушы қыз аптап ыстықтың астында қалған. Абырой болғанда, осы маңда автомобилімен өтіп бара жатқан әйел шыжыған күннің астында тұрған оны байқап қалған. Артынша полицияға хабарлайды.

Қатігез әкені полицейлер қолға түсірді. Құқық қорғаушыларға ол қызына 15 минуттан соң қайта оралғанын, бірақ таба алмағандығын айтқан.

Осы оқиғаға байланысты сот 4 тамызда Кристофер Вотсонға бұлтартпау шарасын қолдану туралы шешім қабылдайды.  

Соңғы жаңалықтар