Аштықтан зардап шеккендер саны бір жыл ішінде 11 миллионға артты - БҰҰ
Бұл деректер 22 наурызда жарияланған аталған ұйымның баяндамасында айтылған.
Жалпы әлемдегі аштыққа қақтығыстар, экстремальды ауа райы жағдайы мен онымен байланысты азық-түлік бағасының қымбаттауы көп себеп болады. Айталық, 18 елдегі, оның ішінде 15 ел Африка мен Таяу Шығыста орналасқан мемлекеттердегі әскери қақтығыстар жағдайды қиындатқан.
«Ашыққан адамдар саны Мьянма, Нигерияның солтүстік-шығысы, Конго Республикасы, Оңтүстік Судан және Йемендегі тараптар арасындағы теке-тірес пен тұрақсыздық есебінде өскен. Шығыс және Оңтүстік Африка елдеріндегі ұзаққа созылған құрғақшылық бұл тізімдегілердің санын арттырған», -делінген халықаралық ұйымның баяндамасында.
БҰҰ 2018 жылы Ауғанстан, Орталық Африка республикасы, Конго, Нигерия, Оңтүстік Судан, Чад өзені өңірлері, Сирия, Ливия, Мали сындық елдерде азық-түлік жетіспеушілігі байқалатындығы болжауда.