АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетіне жаңа басшы тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы болып Жомарт Жұмағалиұлы Нұркенов тағайындалды.

Ол осыған дейін Ақмола облысы әкімдігінің аппарат басшысы қызметін атқарған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жомарт Жұмағалиұлы 1974 жылы туған, білімі жоғары, Ақмола аграрлық университетін мал дәрігері мамандығы бойынша, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін экономика бакалавры мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын мал дәрігері болып бастады. 1998 жылғы қарашадан бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Целиноград аудандық аумақтық басқармасында басшы лауазымдарды атқарды.

2002 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ақмола облыстық аумақтық басқармасының бөлім бастығы лауазымына ауысты. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ақмола облыстық аумақтық басқармасы бастығының орынбасары, бастығы лауазымдарын атқарды.

2012 жылғы ақпаннан бастап 2013 жылғы маусым аралығында Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы қызметінде болды. 2013-2016 жылдар аралығында Ақмола облысы Атбасар және Аршалы аудандарының әкімі қызметін атқарды.

Соңғы жаңалықтар