Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 332.21
EUR 391.74
RUB 5.57
CNY 50.08

Ашхабат: Нұрсұлтан Назарбаев Азия ойындарының ашылуына қатысуда

Ашхабат: Нұрсұлтан Назарбаев Азия ойындарының ашылуына қатысуда
2017 жылғы 17 қыркүйек 21:19 1268

АШХАБАТ. ҚазАқпарат -  ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстанның Ашхабад қаласында жауынгерлік өнер түрлері бойынша жабық ғимаратта өтетін V Азия ойындарының ресми ашылу салтанатына қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ашхабаттан.

Қазақстан Президентімен қатар салтанатты шараға Армения, Ауғанстан, Молдова, Пәкістан, Тәжікстан, Өзбекстан басшылары келген.

Айта кетейік, бастапқыда Азия ойындары деп аталған спорттық сайыс екі жылда бір рет Азия Олимпиадалық кеңесінің бақылауымен өтетін. Ең алғашқы ойындар 2005 жылы Бангкокта өтсе, одан кейін 2007 жылы Қытайдың Макао, 2009 жылы Вьетнамның Ханой, 2013 жылы Оңтүстік Кореяның Инчхон қалаларында ұйымдастырылды. Жарыстар өткізілген соңғы жылы Азия ойындарын жауынгерлік өнер түрлері бойынша Азия ойындарымен біріктіріп, оны 4 жылда бір рет өткізу туралы шешім қабылданды.

Бүгін Ашхабат төрінде ресми ашылған Азия ойындары «Денсаулық. Қайрат. Достық» ұранымен өтуде. Азиаданың ресми нышаны ретінде Вепала есімді алабай иті таңдап алынған. Ол түрікмен тілінен аударғанда - «адал», «сенімді» деген мағынаны береді. Жарыстар шахмат, теннис, тай боксы, қазақ күресі, самбо, жеңіл атлетика, ауыр атлетика, баскетбол сынды спорттың 21 түрінен өтеді.

Қазақстанның 150  спортшысы жарыстың 17 түрінен ел намысын қорғайтын болады. Олардың қатарында Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова, грек-рим күресінен әлем чемпионатының 3 дүркін жүлдегері Нұрмахан Тінәлиев, қыздар күресінен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Жұлдыз Ешімова сынды спортшылар бар.  Азия ойындарының ашылу салтанатында еліміздің көк байрағын таэквондодан Қазақстан чемпионы Нұрлан Мырзабаев ұстап шығады.

 

 

 

Басты сөздер: Қазақстан Президенті, Қазақстанның сыртқы саясаты, Спорт, Түрікменстан,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер