Ашхабадта 15 жеңіл атлет ел намысын қорғамақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 17-27 қыркүйек аралығында Түрікменстан астанасы Ашхабадта жабық кешендегі Азия ойындарында ел намысын қорғайтын жеңіл атлеттердің есімдері белгілі болды,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Жеңіл атлетика федерациясының ресми сайты жариялады.

Жеңіл атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер штабы 15 спортшыға сенім артпақ. Олардың қатарында Ольга Рыпакова, Виктория Зябкина, Ольга Сафронова, Иван Иванов секілді танымал спортшылар бар.

Ашхабадтағы жабық кешендегі Азия ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасы

Ерлер:

1. Владислав Григорьев (Қарағанды облысы) -60 метрге  және 4 х 400 метрге эстафеталық жүгіру

2. Михаил Литвин (СҚО) - 400 метрге және 4 х 400 метрге эасфеталық жүгіру

3.Игорь Кондратьев (Павлодар облысы) - 400 метрге және 4 х 400 метрге эстафеталық жүгіру

4. Сергей Зайков (Павлодар облысы) - 800 метрге және 4 х 400 метрге эстафеталық жүгіру

5. Роман Лошкарев (Алматы) - биіктікке секіру

6. Сергей Григорьев (Алматы) - сырықпен секіру

7. Иван Иванов (Алматы) - ядро серпу

Әйелдер:

1. Ольга Рыпакова (ШҚО) - ұзындыққа және үш қарғып секіру

2. Мария Овчинникова (Қарағанды) - үш қарғып секіру

3. Ирина Эктова (СҚО) - ұзындыққа секіру

4. Виктория Зябкина (Алматы) - 60 метрге  және 4 х 400 метрге эстафеталық жүгіру

5. Ольга Сафронова (Павлодар облысы) - 60 метрге  және 4 х 400 метрге эстафеталық жүгіру

6. Мерджен Ишангулиева (Алматы) - 800 метрге және 4 х 400 метрге эасфеталық жүгіру

7. Элина Михина (ШҚО) - 400 метрге және 4 х 400 метрге эстафеталық жүгіру

8. Анастасия Виноградова (Алматы) - 60 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру.

Соңғы жаңалықтар