Ашхабад-2017: Муай-тайдан Қазақстан құрамасы 7 медаль еншіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ашхабад қаласында өтіп жатқан жауынгерлік өнер түрлері бойынша жабық ғимараттағы V Азия ойындарында муай-тайдан жарыстар өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Финалдық белдесуге дейін сүрінбей жеткен қазақстандық 4 спортшы, ақтық сында қарсыластарына жол беріп, ел қоржынын 4 күміс медальмен толықтырды.

Ақтық бәсекеде 57 кг салмақтағы Еламан Саясатов тайландтық Арнон Понкратхокке 28:29 есебімен есе жіберсе, Әбіл Галиев (63,5кг) пен тайландтық Рутайфан Сапманэ арасындағы жекпе-жек тай спортшысының пайдасына 27:30 есебімен аяқталды.

Байрақты додада ел намысын қорғап жатқан өзге отандастарымыз - Вадим Опарев (75 кг) пен Эмил Умаев (81 кг) ирандық спортшылардан жеңіліс тапты.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, аталмыш спорт түрінен Намика Нефталиева (71кг), Ерқанат Оспан (60 кг) және Алмаз Сәрсенбеков (57 кг) жартылай финалға жетіп, қола медаль иегері атанған болатын.

Соңғы жаңалықтар