Ашхабад-2017: Ел қоржыны 4 қола медальмен толықты

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Түрікменстан астанасы Ашхабад қаласында өтіп жатқан жауынгерлік өнер түрлері бойынша жабық ғимаратта өтетін V Азия ойындарының бесінші жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан намысын қорғап жатқан спортшыларымыз бүгін 4 қола медаль алып үлгерді. Ерлер арасындағы белбеу күресінен классикалық стильде белдесуде Ерсұлтан Мұзаппаров (90 кг) және Бекбол Нұрланұлы (100 кг) жартылай финалда өзбек балуандарына есе жіберіп, қола медаль иегері атанды.

Айта кетерлігі, Ерсұлтан Мұзаппаров кешегі еркін стильдегі белдесуде ел қоржынына күміс медаль салған болатын.

Муай-тайдан бақ сынаған отандастарымыз Ерқанат Оспан 60 кг салмақта жартылай финалда тайландтық Правит Чиланакқа (27:30), 54 кг салмақта Айтуар Шәкенов Мәнучехр Нематовқа (12:14) есебімен жеңіліп, қола медальды қанжығалады.

Айта кетейік, ел спортшылары бүгінгі жарыс жолында белбеу күресі, Муай-тай, Велоспорт және ауыр атлетикадан бақ сынап жатыр.

Соңғы жаңалықтар