Әсет Исекешов: Астанада өнеркәсіптік өндіріс 7,5%-ға өсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өнеркәсіптік өндіріс көлемі 7,5%-ға артқан. Бұл туралы Астана әкімі Әсет Исекешов Астана қаласының 2017 жылдың 8 айына жасаған әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндамасында мәлімдеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Оның артуына «ЕХРО - 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі айтарлықтай әсер етті. Өнеркәсіптік өндіріс 7,5%-ға 336,6 млрд теңгеге дейін өсті. Негізінен машина жасау мен металлургия есебінен артты. Индустрияландыру картасы жобасының арқасында  24 кәсіпорын ашылды. Бұдан бөлек, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемінің артуы есебінен өсім 1,5% немесе 505,1 млрд теңгені құрады. Іскерлік белсенділікке, ең алдымен кәсіпкерліктің өркендеуіне «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру оңды ықпал етті. Осы жылдың басынан бері 14,7 млрд теңге сомаға 110 жоба мақұлданды», - деді Ә.Исекешов.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі таңда елордада 8 мың жұмыс орны бар. Сондай-ақ, 5,3 мың жаңа жұмыс орындары ашылған.

Кәсіпкерліктің серпінді дамуы бюджетке орта және шағын кәсіпкерліктен түсетін салық көлеміне оң әсер етуде. Аталған кезеңдегі бюджетке түскен салық сомасы мен төлемдер көлемі 209,6 млрд теңгені құраған. 

Соңғы жаңалықтар