Әсет Исекешев елордадағы ең үздік университетті атады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әкімі Әсет Исекешев елорданың жоғары оқу орындары арасында өткен «Жастар Жалыны - 2017» атты шығармашыл жастар фестивалінің жеңімпаздарын марапаттады. Байқау аясында Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ Агротеxникалық университеті ең үздік деп танылды, деп xабарлайды ҚазАқпарат. 

Аталған жоғары оқу орынның студенттері Астанада ең талантты жастар ретінде танылды. Жастар фестивалінің аясында 9 номинация бойынша әртүрлі байқаулар өткізілді. «Эстрадалық ән», «Халық биі», «Ең үздік жанкүйерлер байқауы», «Ең үздік бейнеролик», «Ең үздік аспапшы», «Поэтикалық байқау», «Зияткер», «Үздік театр қойылымы» және «Фотобайқау» аталымдары бойынша танымал өнер мен мәдениет өкілдері жеңімпаздарды салтанатты түрде марапаттады. Шараның мақсаты - жастардың азаматтық және шығармашылық белсенділігін арттыру, дарынды жастарды анықтау және тәуелсіздік тағылымын таныта отырып, патриоттық рухта тәрбиелеу.

Фестивальға елорданың жоғары және кәсіптік-техникалық оқу орнынан 3000-нан аса студент қатысты. Жыл сайынғы «Жастар Жалыны» фестивалі дарынды, белсенді және мақсатты Астана жастарының сүйікті мейрамына айналды.

«Астана - жастар қаласы. Мұнда 250 мың жас, креативті, белсенді адам тұрады. Бүгін осында біздің еліміздің болашағы жиналып отыр.
Атақты кәсіпкер Джек Ма Мемлекет Басшысы Нұсрұлтан Назарбаевпен болған кездесуінде ең қиын жұмыстарға 22 мен 29 жас аралығындағы адамдарды алатынын айтты. Себебі олар батыл, белсенді, креативті болып келгендіктен, олар компанияны керемет жетістіктерге жетелеп келеді деген болатын», - деді Әсет Исекешев салтанатты шарада.

Соңғы жаңалықтар