Әсет Исекешев Астана жұртын мәдениетті болуға шақырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әкімі Әсет Исекешев елордада «Smile Astana» жобасын бастауды ұсынды, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

«Достар, қаламызда «Smile Astana» жобасын бастайық және Астана тұрғындарының ережесін жасайық. Бір-бірімізге жылы лебіз білдіріп жүрейік, қарттарға көмектесіп, кезекте егде кісілерге, болашақ аналарға жол берейік. Бір-бірімізге сыйластық танытатын болайық», - деді қала басшысы «Жастар жалыны-2017 фестивалінің салтанатты рәсімінде.

Оның сөзінше, бұл Астанада қолға алынғалы жатқан жалғыз жоба емес. Нұрсұлтан Назарбаевтың реформалары аясында елордада «Астана - жоғары мәдениетті қала» атты жоба да іске асырылмақ.

«Бізге мейрамxаналарда, қонақ үйлерде, қоғамдық көлікте, мәдени орындарда өзін-өзі ұстау мәдениетін дамыту қажет. Бізге Астананы мәдени орталықтардың біріне айналдыру керек», - деді ол.

Тағы бір жоба «Астана - ең таза қала» деп аталады. Елорда әкімі жастарды қалада тазалық сақтауға шақырды.

«Біз қоқысқа қарсы күрес жүргізуіміз керек. Жастарға осындай ұстанымды берік ұстанған жөн. Әрбір тұрғын, әрбір студент, әрбір дүкен өзінен бастасын. Бізде сенбі күні сенбілікке шығудың жақсы дәстүрі сақталған. Осы сенбіде жалпықалалық сенбілік өтеді. Сіздерді осы шараны қолдауларыңызды сұраймыз», - деп атап өтті әкім.
Сонымен қатар Әсет Исекешев елорданы дені сау әрі спортпен шұғылданатын адамдардың қаласына айналдыруды жоспарлап отырғандығын жеткізді.

«Біз барлық астаналықтарды спортқа тартып, зиянды әдеттерден арылуға шақыруымыз керек. Мен жақында Республика даңғылымен келе жатып, бұрын түнгі клуб болған ғимаратта фитнес-клуб ашылғанын көріп, қатты қуандым», - деді әкім.

Әсет Исекешев Астанада ақылды теxнологиялар енгізілетінін де xабарлады.

Оның пікірінше, Астана қарқынды дамып жатқан теxнологияларды белсенді игеруі тиіс.

«Біз осы мәселеде 6 бағыт бойынша, 20 жобаны қолға алмақпыз. Олар Астананың біздің аймақта алғашқы ақылды қала атануына септігін тигізеді», - деді қала басшысы.

Соңғы жаңалықтар