Әсет Исекешев «Астана LRT» басшысына сөгіс жариялады

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әкімі Әсет Исекешев елорданың теміржол вокзалы алдындағы жағдайды тексеру үшін кешқұрым вокзалдың алдына аяқасты жетіп барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әкімнің ондағы мақсаты - вокзал алдындағы көлік кептелісін жою үшін арнайы мекеме басшыларына берген тапсырмасының қаншалықты орындалғанын тексеру еді. Алайда, Исекешев бір-бірінің үстіне шығып, кептеліп жатқан көліктерді көріп қайтыпты.

«Соңғы кезде Астанадағы темір жол вокзалының маңына кіріп-шығу қиындап, халықтың біраз әбігерге түскені бар. Оны естіген Астана әкімі Әсет Исекешев мәселені шешуді тапсырған болатын. Айтқаны қаншалықты орындалғанын білу үшін, жақында ғана кешқұрым теміржол вокзалының алдына арнайы барады. Сонда көліктердің бірінің үстіне бірі шығып, бірі ішке кіре алмай, бірі сыртқа қиындықпен шығып жатқанын көреді. Нәтижесінде, әкімнің тапсырмасымен алдымыздағы дүйсенбіге дейін вокзалға кіретін қосымша тағы екі кіреберіс пен шығуға ыңғайлы тағы бір жол жасалатын болды»,-деп хабарлады Исекешевтің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева .

«Бұдан басқа, вокзал маңында тұрақ үшін төлейтін тағы бір терминал қойылатыны хабарланып отыр.

«Ал "Астана LRT" ЖШС басшысы Талғат Арданға берілген тапсырманы орындамағаны үшін сөгіс жарияланды», - дейді Эльвира Жүргенбаева.

Соңғы жаңалықтар