Әсет Исекешев Әбу-Даби қаласының мэрімен кездесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әбу-Даби қаласының мэрі бастаған БАӘ делегациясының ресми сапарының бағдарламасында қазақстандық-эмираттық бизнес форум мен Астана қаласы әкімі Әсет Исекешев пен Әбу-Даби қаласының мэрі Ауаид Муршед Аль-Марармен кездесу қарастырылған.

Форумда Астана қаласының инвестициялық мүмкіндіктері мен жобалары ұсынылды. Астана мен Әбу-Даби қалаларының басшылары өзара түсіністік және ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Тараптар өз мүмкіндіктерін бірлесе жүзеге асыру, сонымен қатар жаңа жобаларды іске асыру аясында аймақаралық әріптестікті дамыту мәселелерін талқылады. 

Айта кетейік, Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері мемлекеттерінің басшылары арасындағы келісімге сәйкес Астана қаласында «Әбу-Даби Плаза» жобасы жүзеге асырылуда. Онда арабтар тарапынан 1,7 млрд АҚШ доллары көлемінде тікелей инвестиция тартылған.

Кездесуде сондай-ақ туризм саласына, жылжымайтын мүлік, денсаулық, білім, спорт, қала қауіпсіздігі, «ақылды» технология және өзге де салаларға инвестиция құю жоспарлары талқыланды.

«Екі астана арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум серіктестер ретінде сындарлы  дилогты кезең-кезеңімен дамытуға негіз салады. Бұл өз кезегінде бауырлас қарым-қатынастардың орнауына ықпал етпек, - деді елорда әкімі.

Кездесу қортындысы бойынша екі тарап бірлесіп атқарылатын жұмыстардың жоспарын бекітті.

Соңғы жаңалықтар