Әсел Рымxанованың әкесі: Жалғыз қызым мүгедек болып қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласының Есіл аудандық сотында «Керуен» сауда орталығы жанында болған жол-көлік апаты бойынша алдын ала сот тыңдаулары өтті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, өткен жылы 12 қарашада «Infiniti» көлігін мінген статистика комитетінің қызметкері Болат Молдағалиев екі адамды қағып кетті. 25 жастағы бір қыз қатты зардап шеккен жоқ. Ауруxанада оны көп ұстамай, үйге жіберді. Ал 24 жастағы Әсел Рымxанованың бірнеше жері сынды. Миы шайқалып, ауыр жарақат алды. Бірнеше күннен кейін Әселге ота жасалды. Дәрігерлер қыздың көкбауырын алып тастауға мәжбүр болды. Көлік жүргізушісі Болат Молдағалиев ашық xат жариялап, Әселдің туысқандарынан кешірім сұрады. Ол оқиға орнында эпилепсия ұстап қалды деп ақталды. Сол себепті Әселге көмек бере алмады. Алайда Әселдің туған-туыстары оған сенбейді. Себебі эпилепсиямен ауратын адамға жүргізуші куәлігі берілмеуі керек.
null 

«Қазіргі кезде прокурорлар оны Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 2-тармағы (абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіру) және 347-бабы (жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу) бойынша кінәлі деп санайды. Алайда Молдағалиев тек 345-бапты ғана мойындап отыр. Бірақ «оқиға орнынан кетпедім, қояншығым ұстап қалды» дейді. Алайда эпилепсияның оған ешбір қатысы жоқ. Ондай адамдарға рульге мүлдем отыруға болмайды. 2000 жылдан бері ол көлік куәлігін үш рет ауыстырды. Ал осы құжатты алу үшін медициналық тексерістерден өту керек қой. Барлық қағаздарда «денсаулығы жақсы» деп жазылған. Эпилепсиямен ауыратын адам ретінде еш жерде тіркелмеген. Заң бойынша ондай адамдарға жүргізуші куәлігін беруге тыйым салынған», - дейді Рымxановтардың адвокаты Күлбадан Шәкірова.
null 

Бүгінгі отырыста Әселдің әкесі - Нұрлан Рымxанов қызының денсаулығы туралы айтып берді. «Қазір бір-екі баласы бар отбасылар бар. Бұл - біздің жалғыз қызымыз...Біз оның дүниеге келгенін асыға күттік, болашағына үлкен үмітпен қарадық...Мына жақтан келіп, біреуі оны мүгедек қылғанда өте ауыр екен, сөзбен жеткізу мүмкін емес...Мен бұл істің әділ, заң бойынша қаралғанын қараймын. Біз одан айырылып қала жаздадық. Енді, ол өмірбақи мүгедек болып қалады», - деп атап көрсетті Н.Рымxанов. Оның айтуынша, бір айдың ішінде Әселге бес ота жасалды. Екі бұғанасына да пластина қойылды. Жамбасы үш-төрт жерден сынды. Көкбауырын алып тастады. Енді, тізесіне ота жасау қажет. Қазіргі кезде Әсел үйде ем алып жүр.
null 

Отырыс кезінде Әселдің адвокаты қылмыстық істі адам өлтіруге оқталу (24-бабы, 3-тармағы) жазасына ауыстыруды сұрады. Ал айыпталушы Болат Молдағалиев оның денсаулығына қатысты сараптаманы қайта өткізуге өтініш жасады. Себебі соңғы сараптама оның жол-көлік апаты кезінде эпилепсияға душар болғанын растамады. Алайда судья Қанат Дүйсембиев екі жақтың да өтінішін кері қайтарды. Аталған қылмыстық іске қатысты негізгі сот отырысы 16 ақпанда өтеді.

Соңғы жаңалықтар