Асанәлі Әшімов қазақ киносы туралы: Даңқты фильмдер шықпай жатыр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеліктермен кездескен ҚР халық әртісі Асанәлі Әшімов қазіргі қазақ киносы туралы ойын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кино, театр, әдебиеттегі барлық шедевр Кеңес үкіметі заманында туған. Ол дәуірде Шәкен Айманов, Сұлтан Қожықов, Мәжит Бегалин, Абдулла Қарсақбаев сияқты үлкен шеберлер өмір сүрді. Ортамыздан кетті, жастар келді. Заман, талғам өзгереді. Қазір сериалдар бар. Бұрын «Қыз Жібекті» 2-2,5 жыл түсірсек, қазір 12 cериялы фильмді үш айда түсіреді. Өнерге уақыт, қаржы керек. Сонда ол жақсы шығады. «Қыз Жібек» 1 миллион ақшаға түсірілді. Жетпей, тағы мемлекеттен сұрады. Сәтті шықты. Қаржысы жақсы болды, дайындық мықты еді. Қазір қаржы да, талант та тапшылау. Киноны кинорежиссер түсіруі тиіс. Кадр жетіспей жатыр. Бар болғаны 2-3 тәуір режиссеріміздің деңгейі орта, ортадан жоғары болып тұр. Үлкен, даңқты фильмдер шықпай жатыр. Біз оптимист адамдармыз. Келешекке үмітпен қараймыз»,- деді Асанәлі Әшімов «Ұлттық өнер -рухани болмыс» атты кездесуде.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Асанәлі Әшімов Димаш туралы ойын айтып, оған әлем таныған өнер қайраткері деп баға берген болатын. 

Соңғы жаңалықтар