Асанәлі Әшімов: Димаш -әлемдік өнер қайраткері

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат -Ақтөбеде «Ұлттық өнер -рухани болмыс» атты кездесу өтті. ҚР халық әртісі, актер Асанәлі Әшімов әнші Димаш Құдайберген туралы ойын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласына актер Асанәлі Әшімов, әнші-композитор Алтынбек Қоразбаев және ҚР еңбек сіңірген қайраткері, дәстүрлі әнші Татьяна Бурмистрова келіп, кездесу өтті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен кездесу кезінде Ахмет, Ғазиза Жұбановтар, Ақтөбенің тумасы Димаш Құдайберген туралы айтылды.

«Димаш -әлемдік өнер қайраткері. Оның масштабы біздің Қазақстанға сыймайды. Ол 2 миллиард халқы бар Қытайға барды. Мен оны бүкіләлемдік болды деп қабылдаймын. Қазақстанда жүрсе жылына бір концерт берер. Ол анда-санда келіп, есеп беріп тұрса да жеткілікті. Ал бүкіләлемге қазақты таныстырып жүрсе қуанамыз, сол біздің мақтанышымыз. Өзі әдемі бала. Бірнеше рет үстел басында кездестік. Айман Мұсақожаеваның қарамағындағы Димашпен Американың Лос-Анджелес қаласында кездестік. Өте қарапайым бала. Мен таңқаламын. Бізде халықтың алдында бір-екі рет көрініп, сахнада боқтайды, берекесін кетіреді. Өзін ұстай алмай қалатындар көп. Не ішіп кетеді, не құсып кетеді, жоқ болады. Ұстазым Шәкен айтатын, «өнерде менен де мықты болған, менен де мықты болады» деп. Адамның артында мықты қорғасын болуы керек. Ол адамның дандайсымауы үшін. Дандайсу -өнер адамының жауы»,- деді Асанәлі Әшімов.

Соңғы жаңалықтар