Арзандатылған дизель бағасы нарық ойыншыларының «джентльмендік» келісімімен белгіленеді - министрлік

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылы көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін аграршыларға арзандатып берілген 375 мың тонна дизельді отынның 125 мың тоннасы тиеліп қойды. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР Энергетика министрлігі Мұнай өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры Қуаныш Құдайбергенов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізетін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін дизельді отынмен қамтамасыз ету мәселесі реттеліп жатыр. Нақтырақ айтқанда, 2018 жылы көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін 375 мың тонна дизельдік отын бөлінген болатын. Қазіргі күнге дейін 125 мың тоннасы тиеліп қойды. Бұл жалпы мөлшердің 30 пайызын құрайды. Бағаға келер болсақ, наурыз айында дизельді отынның нарықтың орташа бағасы - МӨЗ-ден шыққан кезде тоннасы 170 мың теңге болатын. Аграршылар үшін берілген баға - тоннасына 156 мың теңге еді. Бұл шамамен дизельді отынның 1 литрі - 130 теңге деген сөз. Осылайша, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін баға бір литрге - 10 теңгеге арзандатылған», - деді Қуаныш Құдайбергенов.

Оның айтуынша, сәуір айында ҚР мен РФ-да экономиканың әртүрлі салаларында - құрылыс пен транзиттік көліктерде, тау-металл кешендерінде тұтыну өсімінің артуына байланысты дизельді отынның қымбаттауы байқалған.

«Сәуір айында орташа нарықтық баға ішкі нарықта тоннасына 179 мың теңгені көрсетті. Бұған қоса аграршылар үшін кеңес берілген дизельдіотынның бағасы тоннасына МӨЗ-ден шыққан кезде 161 мың теңгені құрады. Бұл - литріне 134 теңге деген сөз. Жалпы, көктемгі егіс жұмыстарына байланысты мұнайшылардың аграршыларға қаншалықты жеңілдік беріп отырғанын есептейтін болсақ, тоннасына - 12 мың теңгеге дейін немесе литріне 16 теңгеге арзандатылып беріліп отыр», - дейді ол.

Қуаныш Құдайбергенов жоғарыда аталған баға Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесе бекітіліп, ҚР Энергетика министрлігі және АШМ-мен тиісті меморандумға қол қойғанын атап өтті. Бұл ақпарат дизельді отынды жеткізуге жауапты барлық компанияларға жеткізілген.

«Айта кетерлігі, көктемгі егіс жұмыстарын жүргізетін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін дизельді отынмен қамтамасыз ету мәселесін реттеу біздің елімізде заңнамалық тұрғыда қарастырылмаған. Ауыл шаруашылығының қажеттілігі үшін арзандатылған дизельді отын бағасы  нарықтық ойыншылардың арасында «джентльмендік» келісімдер негізінде жүзеге асырылады», - деп түйді ол.


Фото: novostipmr.com

Соңғы жаңалықтар