Арыстанбек Мұхамедиұлы өзінің ар-намысы мен абыройын сотта қорғамақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәдениет және спорт министрлігі Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты Интернет желісінде жарияланған пікірлерге байланысты ресми хабарлама таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Құрметті БАҚ, Интернет басылымдар өкілдері, әлеуметтік желі пайдаланушылары! Министр А.Мұхамедиұлы өзінің ар-намысы мен абыройын сот арқылы Заңмен белгіленген тәртіпте қорғайтын болады. А.Мұхамедиұлы сот шешімі шығарылғанға дейін бұқаралық ақпарат құралдарына кез келген пікір берілмейтіндігін хабарлайды. Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!», - делінген хабарламада.

Еске салайық, Фейсбук әлеуметтік желісінің пайдаланушысы Zhanar Akhmet өзінің жеке парақшасында Еңлік Сыздықованың Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының «қырындауына» қатысты түсірілген бейнежазбасына қолдау білдіріп, пост жазған еді.  Е.Сыздықованың айтуынша, А.Мұхамедиұлы Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тұрған кезінде оның мазасын алған. Әдепсіз ұсыныстардан бөлек, оқу орнына түсу үшін 3 мың доллар сұраған.  

Айта кетейік, кеше А.Мұхамедиұлының адвокаты Еңлік Сыздықова таратқан мәліметтер шындыққа сай келмейтінін және қоғам алдында оның беделін түсіруді көздеген топ ұйымдастырған науқанның бір бөлігі болуы ықтималдығын айтқан болатын.    

Соңғы жаңалықтар