Арыс ауданында 7 балабақша салынады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданында ағымдағы жылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жалпы 7 балабақша ашу жоспарланып отыр. Жыл соңына дейін «Балапан» бағдарламасының аясында балабақшамен қамту деңгейін 90,4 пайызға жеткізу көзделуде. Бұл туралы Арыс ауданының әкімі Мұрат Қадырбек баспасөз мәлихатында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкімнің сөзінше,  аудандағы  Дермене ауылдық округінде 150 және 200 орындық 2 орта мектептің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ ауданда   биыл түйе сүт өнімін өндіретін «Желмая» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі қосымша дайын йогурт өнімдері мен түйе жүнін престеу цехын іске қосуды жоспарлауда екен.

«Түйе сүтін көбейту мақсатында жалпы құны 3,5 млн  теңгені құрайтын өндірістік қуаты  300 тонналық құрама жем шығаратын цех ашылмақ. Ал, елдімекендердің инфрақұрылымын дамыту мақсатында 1 млрд 716 млн теңгеге «Отырар», «Оңтүстік», «Наурыз» тұрғын аудандарында инфрақұрылым құрылысы жүргізілген. Алдағы 2018-2025 жылдар аралығында қаланың 26 елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарлануда. Сонымен қатар 53 көшеге орташа жөндеу және тас төсеу жұмыстары жүргізілетін болады», - деді Мұрат Болатұлы.

Соңғы жаңалықтар