Аружан Саин ОҚО-дағы балаға қатысты жағдай туралы айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қоғам қайраткері Аружан Саин Оңтүстік Қазақстан облысындағы 7 жасар баланың тағдырына қатысты жағдай туралы айтты.

«Бас прокуратура Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы, ІІД, білім басқармасының шара қолданбау, қылмысты жасыру, қызмет өкілеттігін асыра пайдалану фактілері бойынша тексеру шараларын бастады»,-деп жазды ол өзінің Фейсбуктегі парақшасында.

«Біз ел басшыларын істі Бас прокуратураға жолдағаны үшін алғыс айтамыз және тексеру жұмыстары толықтай қылмыстық-атқару заңнамасына сай, обьективті болады деп сенеміз»,-деп қосты Аружан Саин.

Еске салайық, Сарыағаш ауданы Абай ауылында тұратын 7 жасар баланың зорланғаны туралы ақпарат қоғамда қызу пікірталас туғызды. Баланың әжесі құқық қорғау органдарына немересін жоғары сынып оқушылары зорлап келгенін айтып, арызданған. Қылмыстық іс қозғалды.

Айта кету керек, даулы жағдайдан соң ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев бірқатар шенеунікке сөгіс жариялап, жұмыстарынан шеттетті. Абай мен Сарыағаш елді мекендерінде полиция қызметкерлері орнынан кетті. Сондай-ақ, бұл істі арнайы прокурор өндіріске алды.

Кешірек баланың анасы перзентін Астанадағы «Асыл бала» республикалық қауымдастығы орталығынан алып кеткендігі белгілі болды. Сонымен қатар, бұл оқиғаға халықаралық сарапшылар шақырылуы мүмкін екендігі айтылды.

Соңғы жаңалықтар