Аружан Саин ауруханаға түсіп қалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Добровольное общество Милосердие» қоғамдық қорының директоры Аружан Саин ауруханаға түсіп қалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Мысырда дем алып жүрген танымал қоғам қайраткері оқыс оқиға ұшырады. Көргендердің айтуынша, шомылып жүрген қазақстандық  су қоршауының сыртына шығып кеткен. Сол маңдағы моторлы қайық оны соғып өте шыққан. Жарақаттанған Аружанды ауруханаға жеткізді.

Белгілі болғаны, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

«Қымбатты достарым! Мені жағдайым қалыпты. Қолдарым сынған және бірнеше болмашы жара. Жазылады!:-))) қазір гипс салынады. Анық-қанығы соңынан»,-деп жазды Аружан Саин Facebook-тегі өзінің парақшасында.

Соңғы жаңалықтар