Аршалы ауданында автомобиль жолын су шайып кетті-Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Аршалы ауданында «Константиновка-Белоярка» автомобиль жолын ағын су шайып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖК дерегі бойынша, 23 сәуірде сағат 12-30-дар шамасында Константиновка селолық окургі аумағында «Константиновка-Белоярка» (Константиновка аулынан 3 шақырым қашықтықта) автомобиль жолы ағын судан бүлінген.

«Қазіргі кезде, жергілікті атқарушы органдар жолдың төсемін қалпына келтіру жұмыстарын қолға алды. Аталған жол уақытша жабылып, жергілікті атқарушы органдар және жергілік полиция қызметінің өкілдері тәулік бойы бақылау жүргізуде. Көліктер даладағы балама жол арқылы қатынауда», деп көрсетілген хабарламада.


Иллюстрациялық фото

Соңғы жаңалықтар