АрселорМиттал Теміртау өндіріс орнының шатыры құлады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат -  «АрселорМиттал Теміртау» АҚ қарасты №4 іріктеу-уату фабрикасы шатырының шифер жабындылары құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 23 сәуір күні түнде болған.

«Оқиғаның болғанын растаймын. Бірнеше шифер құлады. Бүлінген жердің аумағының қанша екендігін қазір нақты айта алмаймын»,-деді АМТ баспасөз хатшысы Алексей Агуреев.

Оның түсіндіруінше, қазір оқиға орнында шатырдың құлау себептерін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Ешкім зардап шеккен жоқ. Себептері әзірге анықталмады»,-деді баспасөз хатшысы.

фото:metalmininginfo.kz

Соңғы жаңалықтар