«АрселорМиттал Теміртау» мердігерлері ереуілге шығып, қарыздарын өтеп алмақшы

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Теміртау қаласында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның мердігер ұйымдарының бірі зауыт басқармасы ғимаратының алдында ереуіл жасамақшы, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«АрселорМиттал қазіргі таңда бізге 45 млн теңге қарыз. Бұл - 2016 жылдың қазанында көрсетілген есеп. Компания қол қойылған актілерге қарамастан, жасалған жұмыстың ақысын төлемей отыр. Біздің хатымызды елемей, бір жауабын бермеуде», - деп айтты «Қазақстан темір жолшылар тобы» ЖШС басшысының орынбасары Ардақ Терсебаев.

Шығыс Қазақстан облысындағы кәсіпорын транспорт жолдарын жөндеу бойынша қызмет көрсетуде. ЖШС өкілінің айтуынша, оларда 200-ден астам адам жұмыс жасайды.

«Біз Теміртау қалалық әкімдігіне бейбіт ереуілге рұқсат беруін өтіндік. Бізге «АрселорМиттал Теміртау» ғимаратының алаңы ереуілге арналған орын емес деп жауап қайтарды. Алайда, біз шегінбейміз», - деп мәлімдеді А. Терсебаев.

Бас тартудың себебін Теміртау әкімдігінен сұрастырдық.

«Өтініш ережеге сай рәсімделмеген. Нақты орны, күні, уақыты көрсетілмеген, - деп пікір білдірді қала әкімінің баспасөз хатшысы Ольга Горячева. - Науқанды өткізуге арналған ескі қалада ресми рұқсат етілген аумақ бар. Ал зауыт басқармасының алдында қарастырылмаған (ереуілдер, митингтер)».

Теміртаудағы кәсіпорын және қызмет көрсету қызметкерлерінің тәуелсіз кәсіподағының мәліметіне сүйенсек, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ 18 мердігер ұйымға 700 млн теңгеден астам қаржы қарыз болып қалған. Қанша рет бұл мәселе көтерілсе де, әлі шешімін таппаған, деп атап өтті кәсіподақта. 

Соңғы жаңалықтар