«АрселорМиттал Теміртау» Иранға дайын өнім жеткізуді 1,5 миллион тоннаға дейін ұлғайтады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат -Иран Ислам республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Моджтаба Дамирчилу Қарағанды облысына келді, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Дипломат «АрселорМиттал Теміртау» АҚ басшылығымен кездесті және металлургиялық өндіріспен таныс болды. Кездесуде сауда саласында қарым-қатынас орнату және компания өнімдерін саудың алдағы 5 жылдық жоспарына қатысты мәселелер талқыланды.

«Сапардың басты мақсаты - Қарағанды облысының әлеуетімен және мүмкіндіктерімен танысу. Сонымен бірге, бізді жылдар бойы ынтымақтастықта келе жатқан «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының өндірісі қызықтырады. Соңғы уақытта біз Қазақстан мен Иран арасындағы ынтымақтастықтың оң өзгерістерінің куәсі болдық. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сәуір айында Иранға жұмыс сапарымен келгенде, қазақстандық және ирандық компаниялар арасында, оның ішінде тау-кен, металлургиялық өндіріс саласында 60 келісімге қол қойылды», - деді брифингте Моджтаба Дамирчилу.

Ол екіжақты қарым-қатынастың үлкен әлеуеті бар екендігін атап өтті.

«Біздің Иранмен ынтымақтастығымыз 20 жылдан астам уақыт бұрын басталды. Ынтымақтастығымыздың жалғасын тапқанына аса қуаныштымыз. 2016 жылы біз Иран нарығына 1 миллион 145 тың тонна дайын өнім жеткізуді жоспарлағанбыз. 2017 жылға қарай Иран нарығына жөнелтлетін тауарлар көлемі 1,5 миллион тоннаға дейін ұлғаяды», - деді жөндеу бойынша директор...

null null null null  

Соңғы жаңалықтар