«АрселорМиттал Темиртау» цехындағы автокранның арқалық белдігі опырылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - «АрселорМиттал Темиртау» АҚ-ның сұрыптай илемдеу цехында электр көпірлі кранның арқалық белдігі қақ ортасынан бөлінді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Металлургия комбинатының цехындағы төтенше жағдайдың суреті әлеуметтік желіге тарап кетті. Жүк көлігінің қираған аумағы қоршауға алынды.

«АрселорМиттал Темиртау» компаниясы жағдайға түсініктеме берді:

«Уәкілетті ұйымның өкілдері жаңа электр көпірлі кранды статистикалық сынақтан өткізді. Кранды пайдалануға бермей жатып, сынақтан өткізу - міндетті болып табылады. Жүкті көтеру барысында кранның арқалық белдігіндегі дәнекереленген жігі ажырап, екіге бөлінді», - деп хабарлады «АрселорМиттал Темиртау» компаниясының баспасөз қызметінде.

Компания атап өткендей, ешкім зардап шекпеген.

«Зардап шегушілердің болуы мүмкін емес. Себебі, қауіпсіздік техникасына сәйкес, сынақ жұмыстарына қатысқан мамандар арнайы қоршалған қауіпсіз аймақта болған. Ал кран қашықтықтан басқарылады. Машинист кабинасы жоқ, жасап шығарған зауыт оны қарастырмаған», - деп түсіндірді баспасөз қызметінде. 

Атап өтілгендей, аталмыш кран сынақтан өтпеді, сондықтан қолданысқа берілмейді. 

Соңғы жаңалықтар