«АрселорМиттал» Саран шахтасындағы апат шығыны туралы талап арыз жазған жоқ

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Саран шахтасындағы төрт адам қаза тауып, бес адам жараланған қайғылы оқиғаға байланысты «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы үш сотталушыға материалдық шығынды өндіріп алу туралы талап арыз жазған жоқ, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қайғылы  кейін 2016 жылы 10 қарашада компания шахтадағы апаттан 18 миллион 776 мың теңге және 100 теңге көлемінде экономикалық шығын келгенін хабарлаған еді.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің өндіріс бойынша директоры Таңат Дәуітовтің айтуынша, компания сотталушылардан материалдық шығынды  өтеуді талап етпейді.

 «Талап арыз жазылған жоқ. Бұл апаттағы ең үлкен шығын - адамдар. Төрт кеншінің өмірін ешқандай талап арыз қайтара алмайды», - деді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің өндіріс бойынша директоры Таңат Дәуітов.

Еске сала кетсек, бүгін Саран шахтасында үш кеншінің өліміне байланысты «АрселорМитал Теміртау» АҚ көмір департаментінің үш лауазымды тұлғасына қатысты сот отырысы өтті. Олар - «Феррит» монорельстік дизельдік тасығыш көлігінің машинистері Евгений Трофимович пен Сергей Мишин және рельс көлігі учаскесінің басшысы Дмитрий Арабаджи. 

Соңғы жаңалықтар